Айға салмағы төрт тоннаға жуық нысан жақындап келеді

568

0

Салмағы төрт тоннаға жуық нысан Айға жақындап келеді және 4 наурызда соқтығысады. Ғалымдар бұл 2014 жылы ұшырылған Қытай зымыранының фрагменті деп болжап отыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дәл осындай фрагменттер бұрын Жер серігіне құлаған. Дегенмен, алдағы оқиға жоспардан және бақылаудан тыс.

Бәрі 2015 жылы 14 наурызда басталған. Catalina Sky Survey бағдарламасында жұмыс істейтін Аризона университетінің америкалық астрономдары Жерге жақын нысандарды бақылап отырып, астероидты анықтаған және оған WE0913A белгісі берілген. Кейінірек ол Күннің айналасында емес, Жердің айналасында айналатыны белгілі болған. Яғни бұл қандай да бір жабдықтың фрагменті екенін білдіреді.

Бақылаулар басталғанда ғалым WE0913A – NASA-ның Deep Space Climate Observatory (dscovr) спутнигін ғарышқа ұшырған зымыран тасығыштың екінші сатысы деп тұжырымдаған. Басқа астрономдар да оның тұжырымымен келіскен.

Бірақ ол қателескен: ол SpaceX зымыраны L1 нүктесіне жету үшін Айды айланды деп ойлаған. Шын мәнінде, DSCOVR тікелей бағыт бойынша жіберілген.

WE0913A спектрін зерттеген Аризона университетінің студенттері бұл Falcon 9 зымыранының фрагменті емес, қытайлық Chang’e-5T1 миссиясының бөлігі екенін растады.

Ал ғалымдар WE0913A нысанының траекториясы дұрыс есептелгенімен келіседі. Демек, Аймен соқтығыс болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<