Арал теңізінің құрғаған ұлтанында былтыр 101 мың гектар сексеуіл егілді

922

0

Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы бес жыл ішінде 1,1 млн.га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында былтыр 101 мың гектар сексеуіл егілді.


Биыл 250 мың жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Дәмелі Бердешова мәлімдеді.

– Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,0 млн. гектарды құраса, оның 3,8 млн.гектары орманды алқаптар болып табылады. Бұл алқаптың 89 пайызын сексеуіл ағаштары алып жатыр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап, теңіздің құрғаған ұлтанының Қазақстандық бөлігіне 395 мың гектар сексеуіл, сарысазан, жыңғыл егілді. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп бекітілген Арал теңізінің құрғаған табаныны сексеуіл егуге бағытталған 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында, биыл 250 мың га фитоорманмелиорациялық жұмыстарды жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, орман шаруашылығы мекемелерінің материалды-техникалық базасы нығайтылуда, – деді Дәмелі Бердешова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<