Дәрігер С дәрумені жайлы аңызды жоққа шығарды

719

0

Дәрігер Александр Мясников С дәруменін тұмау кезінде қосымша қабылдауға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, дәруменді тұрақты ішу ағзаға кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

«Бізге С дәруменін профилактика үшін қабылда деп айтып жатады. Алайда бұл ешқандай дерттің алдын алмайды», – деп түсіндірді Мясников.

Оның сөзінше, С дәруменін көп мөлшерде қабылдау тұмаумен ауыру уақытын қысқартатыны туралы айтылған ғылыми зерттеулер көп.

«Аталмыш дәруменді тұрақты түрде қабылдаудың қажеті жоқ. Тек қосымша дәрумен ретінде ғана болады. Егер тұмауратып қалсаңыз, 3-4 күн С дәруменін қабылдаңыз. Бұдан ағзаға зиян келмейді. Дегенмен міндетті түрде қабылдаудың қажеті жоқ», – деп қосты ол.

Айта кетейік, бұған дейін Александр Мясников маска тағы мен өзге де карантиндік шектеулердің омикрон штамы алдында дәрменсіз екенін айтқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<