Доллар бағамы өсті

794

0

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE мәліметінше доллар 0,94 теңгеге қымбаттаған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңғы сауда қорытындысына сәйкес биржада доллардың орташа бағамы – 420,69 теңге.

Айта кетейік, америка валютасының 23-25 қаңтардағы ресми бағамы 419,69 теңге болды.

Kurs.kz дерегі бойынша қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 421,82 теңге, ал сатып алу – 420,23 теңге.

Нұр-Сұлтан ақша айырбастау пункттері америкалық валютаны орта есеппен 421,69 теңгеден сатып, 420,42 теңгеден сатып алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<