\»Fly Arystan\» билеттері сатылымға шықты

386

0

«Fly Arystan» әуе компаниясы 7 ақпаннан бастап Қызылордадан Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына қатынайтын ұшақ рейстеріне билет сатылымын бастады. Бұл туралы «Қорқыт ата» әуежайы» АҚ өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.
Алматыға ұшақтар 16 наурыздан, ал Нұр-Сұлтан қаласына 20 наурыздан бастап ұша бастайды. Билет бағасы 6 999 теңгеден басталады. Жолаушыларды 180 орындық «Airbus- 320» ұшағында тасымалдау жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<