Өңірде сұйылтылған мұнай газының қажеттілігі – 10 мың тонна

690

0

Өңірде сұйылтылған мұнай газының қажеттілігі 10 мың тоннаны құрайды. Биылғы жылдан бастап газ желісі ұйымдарына бөлінетін газдың белгілі бір мөлшері электронды сауда алаңдары арқылы бөлінуде. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін 100 пайызға орындалмақ.


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов облыстағы сұйылтылған газдың тапшылығын болдырмау және баға тұрақтылығын сақтау барысын баяндады.


«Жалпы сұйылтылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары энергетика министрлігінің арнайы бұйрығымен бекітілген. Осыған сәйкес, сұйылтылған мұнай газын беру өтінімдерін қалыптастыру жөніндегі комиссия құрылған болатын. Олар өз құзыреті бойынша қажетті газ көлемін анықтап, тиісті министрлікке жолдайды. Осы бойынша, облысқа қажетті ай сайынғы газдың көлемін анықтаймыз. Бүгінде ай сайын 10 мың тонна газ қажет. Сонымен қатар осы жылдан бастап газ желісі ұйымдарына бөлінетін газдың белгілі бір мөлшері электронды сауда алаңдары арқылы бөлініп келеді. Қазіргі таңда сұйық газдың тапшылығы және газ бағасының өсуі байқалады. Осыған байланысты тиісті мекемелерден ай сайын керекті мәліметтерді аламыз. Мәселен, облыста 150 мыңнан астам автокөлік болса, оның 23600-і газбен жүреді. Газ бағасы бойынша айтатын болсақ, арнайы бәсекелестік нарығын реттейтін мекеме бар. Ол мекеме бағаның негізсіз көтерілмеуін қадағалайды. Қолда бар мәлімет бойынша автогаз құю бекеттерінде 85 пен 95 теңге арасында сатылуда»,- деді басқарма басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<