Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті үздіктер қатарында

713

0

Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі өткізген ЖОО-ның Ұлттық рейтингісінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті елімізде 7 орынды иеленді. 12 бағдарлама бойынша үздік үштіктен көрінді.


Бұған дейін соңғы 2 жылда университет 9-шы орынды иеленіп келген. Жалпы аталған рейтинг республикадағы 85 университет арасында өткізілді.


Бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде 452 оқытушы-профессор сабақ береді. Оның 19-ы ғылым докторы, 168-ы ғылым кандидаты, 30-ы РhD докторы, 179-ы магистр. Биылғы оқу жылында жас ғалымдар арасынан 6 PhD, 3 қауымдастырылған профессор, 2 ғылым кандидаты, «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері шықты. Халықаралық және республикалық ғылыми-зерттеу және шығармашылық конкурстарда 40-тан астам студент жүлдегер атанды.


– Біз сапалы білім беруді бірінші кезекке қоямыз. Әрбір студенттің мықты маман болуы маңызды. Сондықтан теорияны тәжірибемен ұштастырамыз. Дәріс беретін ұстаздар өз ісінің білікті мамандары. Соңғы технологияны, өзгерістерді шәкірттерге үйретіп отырады. Мамандықтың қыр-сырын ғана емес, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жол сілтейді. Біз студенттердің әлеуметтік жағдайына, ынталандыру үшін үздік шәкірттерге жеңілдіктер жасаймыз. Мәселен, 2020-2021 оқу жылында университеттің 260 студентіне жеңілдік тағайындадық. Көп балалы отбасынан шыққан 122 студентке оқу ақысына 25%, анасында «алтын алқа» немесе «күміс алқа» бар 35 студентке 50 %, 6 «Алтын белгі» иегеріне 100 пайыз жеңілдік жасадық, – деді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова.


Университет ҚР БҒМ ҒК гранттық қаржыландыруы негізінде биылғы оқу жылында жоба ұтып алды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 20 пайызға артық. Жалпы гранттық қаржыландыру сомасы 250 млн. теңгені құрайған. Одан бөлек облыстық бюджеттен бөлінген қаражат негізінде 3 жоба бойынша археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі уақытта университеттің материалдық-техникалық базасына 10 оқу ғимараты, ғалымдар үйі мен 4 студенттік жатақхана, Студенттер сарайы, 7 студенттік асхана, жүзу бассейні мен жаттығу залы орналасқан «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені, әскери кафедраның оқу-тақтикалық полигоны, агробиологиялық участок, 6 кітапхана мен оқу залдарынан тұрады. Құны 11 миллион теңгеден астам сомаға сатып алынған спорттық құрал-жабдықтар университет қызметкерлері мен студенттері, сондай-ақ қызығушылық танытқан сырттан келушілер үшін Фитнес орталығы ашылды.


Университеттің серверлік жүйесі WindowsServer және LinuxUbuntu соңғы көшпелі операциялық жүйесіне ауыстырылды. Жаңа VMware виртуалды серверін құру арқылы ақпараттық қауіпсіздік орнатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<