Қазақстандағы психиатриялық диспансерлер 90 пайызға толы

293

0

Фото: Pexels

Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform тілшісіне психиатриялық-неврологиялық диспансерлерінде қанша бос орын бар екенін айтты.

«2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша республика бойынша бос төсектердің үлесі 11,8%, 88,2%-ы бос емес» деп жазылған жауапта. 

Ресми мәліметте министрлік елдегі өңірлік және бастапқы психикалық денсаулық орталықтарын заманауи қондырғылармен жабдықтап, жаңаларын салуды жоспарлап отырғаны айтылған. 

Бұған дейін жазғанымыздай, психиатриялық тіркеуде тұрғандардың саны бойынша Қарағанды (1 616), Қостанай (1 523) және Солтүстік Қазақстан (1 414) облыстары алдыңғы орында тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<