Сирек кездесетін құбылыс: Сахараға қар жауды

518

0

Сахарада ауа температурасы төмендеп, қар жауды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail басылымына сілтеме жасап.

Алжирдің «Шөл қақпасы» атанған Айн-Сефра қаласында қар жауды. Фотографтар түсірген сирек құбылыс. Сахара шөлі – Африка материгінің солтүстігінде орналасқан және ең үлкен ыстық шөл. Түнде Алжир қаласындағы сынап бағанасы -2C (28F) дейін төмендеген.

Сахара шөліне қар жауып, түнде ауа температурасы төмендеп, таңғажайып пейзаждар пайда болды. Дүние жүзіндегі ең үлкен ыстық шөлде 58С +10 температура тіркелген ерекше құбылыста құм төбесін мұз басып қалды.

Бұл аймаққа 1979, 2016, 2018 және 2021 жылдары қар жауған. Соңғы 42 жылда Сахараға бесінші рет қар жауып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<