Сырдарияда жол жөндеуге 888 млн. теңге бөлінген

421

0

Сырдария ауданында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 92 пайызды құрайды.


Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың айтуынша, биыл аудан бойынша автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 888 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеуге 5 жобаға 419 млн. теңге бөлініп, тиісті жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.


Мәселен, «Тереңөзек – Жалағаш» жолының орташа жөндеуіне, Н.Ілиясов ауылына кіре-беріс жолды күрделі жөндеуге, Қоғалыкөл-Шіркейлі жалғайтын 6 км жолға, Іңкәрдария ауылы бағытына қарай баратын жол мен А.Тоқмағамбетов ауылының кіре беріс жолын жөндеуге қаржы бөлініп, жұмыстары басталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<