WhatsApp мессенджері жаңа функцияны іске қосты. Қолданушылар енді видео жіберіп жатқанда оның дыбысын алып тастай алады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы компания Twitter-парақшасында хабарлады. Бұл функцияны қазір Android қолданушылары пайдалана алады. Алайда функция iOS жүйесіне нақты қашан қосылатыны белгісіз.
«Қарайсыз, бірақ естімейсіз. Енді видеоны статусқа қосып немесе чатқа жібермес бұрын дыбысын өшіре аласыз. Бұл Android жүйесінде қол жетімді», – делінген хабарламада.
Ол үшін видеоны жібермес бұрын дыбысты өшіру белгішесін басу қажет.
WhatsApp-тың видео редакторында дыбыс ұлғайтқыш белгішесін көруге болады. Дыбысты өшіру түймесі видео WhatsApp-қа жазылған-жазылмағанына қарамастан шығады. Яғни, функция қолданушылар басқа қосымшадан алынған, оның ішінде камераға түсірілген видеоны бөліскен кезде де жұмыс істейді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<