Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр

350

0

Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр. Үкіметтің Қызылорда облысындағы уақытты өзгерту туралы жобасы талқыға салынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» туралы жобаның мәтіні eGov порталында жарияланды. «Қызылорда облысы әкімдігіндегілер 2018 жылдың 20 желтоқсанынан 21 желтоқсанына қараған түні сағат 00:00-де жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытсын», – делінген құжаттардың бірінде. Құжаттар қабылданған жағдайда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігіндегілер халыққа уақыт есептеу тәртібі өзгергені жайлы хабарлауы керек болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<