Жаңа бастамаларға жігерлендірді

53

0

«Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа «Ең үздік бизнес орта құрғаны үшін» номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығын табыстады. Бұл – кәсіпкерлікті қолдау үшжылдығының алғашқы жылы қорытындыланған кездегі айтулы жетістік, яғни аймақтың бизнесті өркендетудегі бағыты дұрыс екенін білдіреді.
Біз, кәсіпкерлер, облыс басшы­лығының қамқорлығын, қолдауын үнемі сезініп келеміз. «Сыр маржаны» ЖШС бұған дейін «Қазақстанның үздік тауары», «Іскер» номинацияларын жеңіп алғандықтан, Астанада өткен шараға құрметті қонақ ретінде шақырылып, қатысып қайттық.
Алдағы уақытта күріштен басқа мал басын көбейтпекпіз. Қазір 3 мың басқа арналған бордақылау алаңында мал өсіріп, оның өнімдерін жақын шетелдерге шығаруды жолға қойдық. Бұл бастамамыз Қызылорда қаласынан жылына 5 мың тонна ет өңдейтін комбинат салуға жігерлендірді. Ол кезде Қытай мен Еуропа нарығына шығамыз.
Осының бәрі аймақтағы кәсіпкерлік бастамаларға көрсе­тілген қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр. Қазіргі бизнес бастаушыларға демеу болатын бағдарламалар, облыс әкімінің әр ауылдық округтің жағдайын жіті қадағалап отыруы, басқарма басшыларының кураторлығы, қаржы институт­тарының қолжетімділігі сияқты артықшылықтар кәсіпкер­ліктің кең қанат жаюын жеделдетеді.

Мінәжадин ӨТЕЕВ,
«Сыр маржаны» ЖШС
директоры,
облыстық мәслихат

депутаты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз