Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесін қорғау іс-шаралары ҚР 09.07.2004 жылғы № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңымен реттеледі. Жануарлар дүниесін қорғаудың негізгі мақсаттарының бірі – оларды антропогендік факторлардың болмауын қамтиды.
Елімізде экономикалық қатынастардың дамуымен бірге, адамдар тарапынан жануарлар дүниесіне теріс әсерлерінің сипаттары әртүрліленіп отыр. Яғни, жазық жерлерді әртүрлі мақсатта иемденіп, балшықты жерлерді кептіру, жаңа егін жерлерін егу, су айдындарын құру, орманды кесу секілді қоршаған ортаға қатысты әсерлер.
Барлық әсерлердің әртүрлілігін үлкен екі топқа бөлуге болады: олар тікелей және жанама. Жануарлар дүниесіне тікелей әсерлердің нәтижесінде – аңдарды шамадан тыс аулау, тірі жануарлардың коллекциясы, ауыл шаруашылық және орман шаруашылық зиянды шөптермен күрестің әлсіздігі, инженерлік құрылғыларда жануарлардың шығыны, т.б.
Жануарлар дүниесінің экожүйелеріне делдалдық әсерлердің нәтижесінде – жазық жерлерін жырту арқылы ауылшаруашылығы алқаптарын құру, ұтымды емес тәсілдермен орман шаруашылықтарын жүргізу, әртүрлі құрылыс объектілерінің пайда болуы, пайдалы қазбаларды өндіру, ормандардың жойылуы, су құрылғыларының құрылысы, су айдындарының пайда болып, шағын өзен-көлдердің жойылуы, сонымен қатар химиялық өңдеу және т.б. жұмыстардың нәтижесінде жануарлардың жойылуына немесе санының азаюына әкеліп соқтырады.
Алайда, аталған антропогендік теріс әсерлер, қазіргі уақытта мүлдем пайдаланбау мүмкін емес. Ал, су тасқыны, орман өрттері, құрғақшылық, көшкіндер секілді табиғи құбылыстардың нәтижесінде, жануарлар дүниесін және басқа да табиғи орталарға үлкен шығындар әкеледі.
Сондықтан, жануарлар дүниесін қорғау іс-шараларының барысында, жануарлардың өзімен қоса, олардың мекен ортасы мен табиғи ортасын да жан-жақты қорғауды қажет етеді.
Жануарлар дүниесін қорғау – қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, қоршаған ортаны қорғаудың барлық талаптары, жануарлар дүниесін қорғау талаптарына таралады.
Жануарлардың тіршілік ету ортасы халықаралық қорғау объектісі болып табылады және оларды қорғаудың маңызды элементтерінің бірі – биологиялық әртүрлілікті сақтау болып табылады.
Табиғатты қорғау оны пайдалану қатынастарынан тыс қамтамасыз ете алмайды, өйткені осы саладағы қызметтердің табиғи ортаға ең маңызды әсері болады. Сол себепті, жануарлар дүниесін тиімді пайдалану – адамзаттың табиғаттан алатын әртүрлі қажеттілігін толық қанағаттандыра отырып, шағын мөлшерде шығындалуы болып табылады.
Сонымен қатар, жануарлар дүниесін қорғау – оларды сақтау, өсімін молайту, тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік органдардың, аң ісін пайдаланушы субъектілерінің қызмет барысында, техникалық және заңдылық іс-шараларының жүргізілуін білдіреді.
Биологиялық әртүрлілікті сақтау әлемдік экологиялық проблемалардың бірі болып табылады. Биологиялық әртүрлілік барлық көздердің оның ішінде жер беті, теңіз және басқа да экожүйелер мен экологиялық кешендердің бөлігі болып табылатын тірі ағзалардың өзгеруін білдіреді.
Биоәртүрлілік өзара байланысы бар екі объектілерден тұрады: жануарлар дүниесі объектілерінің арасындағы түрлер және экожүйелер әртүрлілігі. Сондықтан, жануарлар дүниесін қорғау – популяциялық ерекшілктер мен экожүйелілік әдістер негізінде, аталған екі объектілерді сақтауға бағытталған.
Әрбір биологиялық түрлер қайталанбайды. Жануарлар дүниесі объектілерінің түрлері мен генетикалық қорларын сақтап қалу мақсатында, оларды жартылай ерікті жағдайда немесе қолдан жасалған мекендеу ортасында ұстау әдістері пайдаланылады.
Генетикалық қорларды сақтап қалу мақсатында, тиісті заңнамалармен жануарлар дүниесінің түрлерін бекітілген аумақтар мен белгіленген уақытқа пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгізілуі мүмкін. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру – жануарлардың генетикалық қорларын сақтап қалудың бірден бір тәсілі. Ал қорық аймақтарында жануарларды аулау мен ату толығымен тыйым салынған.
Экожүйелердің алуан түрлілігін сақтау әр түрлердің сақталуымен тікелей байланысты. Экожүйелердің тұрақтылығы үшін ең қажетті жағдайы жалпы биоәртүрліліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Нұрдәулет Айтбаев,
Қызылорда облыстық
орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының бас маманы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<