Қазақта «бекзат» деген ғибратты сөзбар. Қақ-соқпен жұмысы жоқ, тура жүріп тұратын, іші де, сырты да таза адамдардыайтады. Міне, Камалдин Шермағамбетұлы бекзат болмысты азаматтың өзі. Оладамдықтың арда қасиетін аялап, кісіліктің келбетіне дақ түсірмей, байыптықалыпта ұстанып, айналасына нұрын шашып жүретін тұлға. Ең үлкен байлығы – біліммен ғылым болды. Оған саналы ғұмырын арнады.
Камалдин Шермағамбетұлы1950 жылы Жаңақорған ауданы Кеңес ауылында дүниеге келді. 1967 жылы №54 Октябрьатындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, 1967-1972 жылдары ЭТУС мекемесіндемонтер, Талап кеңшарында жұмысшы болып қызмет атқарды. 1969-1971 жылдарыКеңес Армиясы қатарында Семей атом сынағы полигонында Отан алдындағы азаматтықборышын өтеді. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтынаоқуға түсіп, оны «Агрономия» мамандығы бойынша үздік бітіріп, 1977 жылданбері қазіргі Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеуинститутында агротехнология, мелиорация және топырақтану бөлімінің жетекшіғылыми қызметкері міндеттерін абыроймен атқарып келеді.
Кез келген адамғаөмірлік қағида мен азаматтық ақыл-парасат бастауы ананың сүті, әкенің қаныарқылы келетіні ақиқат. Бұл тұрғыдан алғанда Камалдин ағаның бойындағытектіліктің тамыры әкесі Шермағамбеттен бастау алғаны талассыз. Медреседесауат ашып, ауыл молдасы болған Шермағамбет ата адалдыққа, тазалыққа,әділдікке жаны құмар, қиянатқа қия баспайтын, ешкімнің бет-жүзіне қарамай,шындықты батыл айтатын өткір кісі болған деседі көзкөрген ауыл қариялары.Әділдікті ту еткен әкесінің турашылдығын, парасаттылығын, бірсөзділігін,адамгершілігін өзіне жұғысты еткен Камалдин ағаның ұстанымы да жалғасыпкеледі.
Елге жасағанжақсылығымен, игі істерімен адами болмысы жарқын. Өмірді сәулелі етерқұдіреттің безбені де осы болар. Бұл адамның адамгершілігі мен ішкі жандүниесінің тазалығынан бастау алса керек. Камалдин аға қаршадайынан тазаболды. Үлкендердің ақадал батасын алып өсті.
Біліктілігі мен білімі,даналығы мен даралығы талайды тәнті еткен іскер маман ұжым ортасында айрықшаабыройға ие болды. Үнемі ізденісте жүретіндігімен айналасынан алда болуғаұмтылды. Пайымы терең парасат иесі, іргелі еңбегі арқылы ұзақ жылғығылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде күріш ауыспалы егісінің 50,0; 42,9;37,5%-тік (күріш үлесі) жаңа үлгілерін жасады. Оларды үш аймақтың табиғиерекшелігіне қарай қалай енгізу жайлы ғылыми ұсынымдар әзірледі, жасады.
Ол өзінің күнделіктіөлшеусіз еңбегімен және қажыр-қайратымен күрделі табиғи-климаттық жағдайдағыСыр өңіріндегі күріш егісінің арамшөптеріне, ауруларына қолданылатынпестицидтерді сынақтан өткізіп, мемлекеттік деңгейде қолдануға рұқсатетілетін арнайы препараттар тізіміне ендірді. Топырақ өңдеудіминимализациялау, күріш ауыспалы егісінің түрлі танаптарында арамшөптерменкүресу тәсілі, топырақты жеңіл өңдеу арқылы күріш өсіру тәсілі, күріштікөбейту, салмағын арттыру тәсілдерін әзірлеп, оларға патент иеленді.Күрішті көшеттеп өсіру, оның тұқымын өндіріп егу тәсілдері және «Түгіскен-1»,«АйКерім», «Қайсар», «Іңкәр», «Сыр аруы», «Шахристан» күріш сорттарыныңавторлық куәлігін алды. Бұл күріш өндіру саласындағы үлкен ғылыми жаңалықболатын.
К.Шермағамбетұлыныңтікелей жетекшілігімен «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығында күріштің«Маржан», «Авангард», «Түгіскен-1» сорттарының республикада алғашқытұқым шаруашылығы ұйымдастырылып, тұқымның сапасы, тазалығы жоғарыдеңгейге жеткізілді.
Ол саналы ғұмырының өнбойында еңбектің үнемі шамшырағын жағып келеді. Жап-жарық нұрды да, сарқылмассырды да кітап дейтін қазынадан іздеді. Қазынасына дүние емес, кітап пен адалдос жинаған Камалдин ағаның ішкі жан дүниесінің тазалығына, достыққаадалдығына, ағайын-туысқа бауырмалдығына, азаматтық болмысына әркез тәнтіболып келемін.
Қазақта «Еңбек еткенніңесесі кетпейді» деген қанатты сөз бар. Қай жұмыста болмасын елмен, еңбекпенетене болған жанның бағы жанып, мерейі үстем болары сөзсіз. Камалдин ағаөмірінің өн бойына осынау ұстанымды арқау етті. Әріптес, дос-жаран арасында абыройлы,елге сыйлы болды. Басшылық қызметте немесе кәдуілгі өмірде болсын қарапайымқалпында өзіне тән зиялы кескінімен, биязы мінезімен, ағайын-туыс,әріптес-бауырмен осы күнге дейін емен-жарқын күн кешіп келеді.
КамалдинШермағамбетұлының ауыл шаруашылығы саласына сіңірген ерен еңбегіескерусіз қалған жоқ. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»мерекелік медалімен, Б.Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен, Ауыл шаруашылығыминистрлігінің, Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының, облыс әкімімен мәслихаттың Құрмет грамоталарымен және І дәрежелі «Еңбек даңқы»белгісімен, т.б. көптеген алғыс хаттармен марапатталды. Бұл ғылым мен білімгеөлшеусіз үлес қосқан ғалымға көрсетілген лайықты құрмет болса керек.
Ол адам жанын ізгілендіретін,осынау ғұмырды сәулелі ететін құдіретті білім мен ғылымнан іздеді. Ол қасаңтірліктің қағидаттарына емес, жақсылықтарға жан жүрегімен сеніп, өмірдің мәнімен мағынасын елге деген қалтқысыз сүйіспеншілікке ұластыра білді.
Кім-кімнің де болмасынөткен жолы мен өмір өзенінің өз тарихы бар. Ғұмырын ұлағатпен өрген,кісілікпен көмкерген тұлға, парасатты ғалым Камалдин Шермағамбетұлы ауылшаруашылығы саласын дамытуға үлесін қосып келеді. Ол елге, ұлтқа дегенжанашырлығын сүйіспеншілікке ұластыра білді. Бәсі бөлек биіктерге ұмтылып,бүкіл болмыс-бітімімен ұлағаттылыққа талпынды. Әркез байыпты бастамалардыңбасы-қасында жүріп, адамдықтың ұстыны мен елдің игілігіне тірек ете білді.
Ол кісімен дендепсөйлесіп, тереңірек сыр бөліскен адам баяғы дала даналарының сынығы екенінаңғара бастайтыны анық. Мен жастары әралуан, орталары мүлде бөлек адамдардыңөзінің жандарын бір-бірлеріне жақындастырып тұратын көзге көрінбейтінмиллиондаған, миллиардтаған жіптердің болатынын жақында оқып-білдім. Меніәкемдей қамқор болған адамға жақын еткен осы жан үйлесімдігі шығар депойлаймын. Қазақта «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген ғибраттысөз бар.
Әкемнің ақтық демінедейін жан досы болып, өзіме қамқорлығы мен қолдауын көрсетіп келе жатқанКамалдин ағамның 70 жасқа толған мерейлі мерейтойы қарсаңында қуанышты ізгісыйластық құрметімді қалам арқылы жеткізуді жөн көрдім. Ол туралы өте көпжазуға болады. Бірақ оған менің өрем жетер ме екен деп те ойлаймын. Бойындағыкөп қырларын бөліп-бөліп жазсам да ұзаққа созылар еді. Өйткені ол кісінің өмірі– бір әңгіменің желісіне сыймайтын, бір кітаптың арнасынан асып түсер ғибратқатолы.
Жандос ЕСІРКЕПОВ,
педагогика ғылымдарының
кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дыңқауымдастырылған
профессоры.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<