Бүгін қалың қазақ белгілі журналист Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды. Ұзақ уақытқа созылған аурудан соң ағамыздың кеше соңғы демі үзілген еді…
Қаралы хабар көпті есеңгіретті. Өйткені бұл – қазақ журналистикасы ғана емес, бүкіл қоғам үшін орны толмас ауыр қаза. Бейсен Құранбек өзі тізгіндеген «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы ұлттың жоғын түгендеп, әр кейіпкердің мәселесіне жан-тәнімен үңіліп, көрермен ықыласына бөлене білді. Сонысымен де жұрт оны жақсы көрді.
Мен де – Бейсен ағаның шапағаты тиген көптің бірімін. Ол кісі жүргізетін еліміздегі ең танымал «Айтуға оңай» бағдарламасына екі рет қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін көтердім. Соның бірінде жаңадан алған ипотекалық үйімнің алғашқы жарнапұлын төлеуге жәрдемдесетін жандарды тауып берген. Бұл өздігінен жүріп-тұра алмайтын маған үлкен көмек болды.
Бейсен аға барлық адамды бірдей көретін. Қарапайымдылығы мені қатты таңғалдырды. Бір жолы барғанымда жеке көлігімен өзі күтіп алып, өзі шығарып салды. Қонатын жер болмаған соң Талдықорғандағы үйіне апарып, қонақ етіп сыйлағаны бар.
Мен қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Халін сұрап немесе қандай да бір мәселе бойынша хабарласқанымда қоңырауымды, хабарламамды жауапсыз қалдырмайтын. «Зәуретай, оқуыңды жақсылап оқы. Диплом алған күні атап өтеміз. Әріптесім болу үшін аянып қалма» деген бір жолы.
Былтыр 9 желтоқсанда туған күнімен құттықтау үшін қоңырау соқтым. Оның алдында ғана ота жасатып шыққан болатын. Сөйтсем, ағам қайталана беретін түс көріп жүргенін айтып берді. «Көздің жауын алатын мешіт салдырып жатыр екенмін. Құрылысы біткен көрінеді. Бірақ салтанатты ашылу рәсімінде нөпір халықтың арасынан өзімді көре алғам жоқ. Бастаған ісімді Сейсен бауырым жалғастырып әкетіпті» дегенде ішім қылп ете қалған.
Ал кеше ағамыздың өмірден озғанын естігенімде үстімнен біреу салқын су құйып жібергендей әсерде болдым. Сол кезде айтқан түсі ойыма оралды. Өмір жалған екен. Бар қазақты бауырындай көрген Бейсен Құранбектің ортамызда жоқтығына сенгім келмейді… Жоқ, сіз барсыз! Мәңгі жүрегіміздесіз!
Зәуре ӨКСІМБАЕВА,
Қызылорда қаласы.
Иманды болсын мен 2рет кездескен едим.
Зауре,керемет жазғансын. Бейсенбек замандастын қайтыс болғаны бәріміздін жанымызға батып, жүрегімізді аурытты. Өзі кетседе артынан үлкен із, тура жол салып кетті. Ол кісі бәріміздің жүрегімізде үлкен тулға ретінде қалады. Иманды болсын, жаны жанатта болсын.
Зауре, Бейсен ағаннын жолын саған берсің, сол кісімен танысқан, бір дастарханда отырған сенде қыпшақтын ақылды қызысын. Аман бол. Бар бол.
Зауре керемет естелік жазыпсыз. Ағамыздың көмегі көп адамға тиді ғой. Алла алдынан жарылқасын.
Ия. Өте ауыр қаза. Зəуреге қарасам бір қанатынан айрылған құстай. Бейсен ағаның қам көңілдердің шын жан ашыр болғаны…нағыз қазақтың ер азаматы. Маған да шарапаты тиген.жаныма өте жақын тұтқандықтан жаза алмаймын…тек жылағым келеді.
Тамаша жазылған
Зәуреш Бейсен бауырымыздың қазасы бәрімізге де ауыр тиді. Сенің жазбаңнан Бейсеннің бойындағы адамгершілігі мен имандылығын көріп отырмын. Қазіргі заманда қарапайымдылық ер азаматтарымыздың бойында сирек кездесетін қасиет.Алла Тағалам алдынан жарылқасын. Иманды болсын! Саған шығармашылық табыс тілеймін! Қаламың мұқалмасын тек биіктерден көріне бер!
Бейсен аганын жаны жаннатта болсын! Зауретай сенде ага сиякты мыкты кайсар, ер журек кызсын! Арман жолында канатын кайырылмасын! Жуз жаса!
Зәуреш, қаламың ұштала берсін!
Бейсекеңді тірі кезінде көріп, қолынан алған сенде арман жоқ.
Қимаймыз. Амал жоқ Алланың ісіне. Иманы саламат болсын.
Зәуре, Бейсен Құранбектің қазасы қазақ халқына ортақ. Ағамыздың жатырған жері жайлы топырағы торқа болсын деп туыстарына, отбасына, достарына, қазақ еліне көңіл айтамыз. Бейсен Құранбек туралы жазған мақалаңда оның адамгершілік болмысын, керемет қасиетті алтын адам екенін жазып тұрсыз ғой. Зәуре өзіңіз де елдің, адамдардың, мүмкіндігі шектеулі тағдырластардың қамын ойлап ізденіп жүресіз. Кейде күн, түн демей мемелекеттік, әлеуметтік қызметтердің көсетілуі жөнінде сұрақтарға жауап алып жатасыз. Ақпарат жинап өзгелермен де бізбен де бөлісесіз. Сіздің қоғамдағы үлесіңіз зор. Сізге зор денсаулық тілеймін. Бейсен Құранбек туралы жазған мақалаңызға рахмет айтамыз
Мәңгі есімізде қаласыз. Жайдары, карапайым, ақкөңіл, қайырымды жан еді😔
Я өкінішті ақ иманды болсын
Бисен ағаның жарқын бейнесі, адамгершілік пен парасаттылығы мәңгі естен өшпес.😓😢
Алла алдынан жарылқасын. Пейіште нұры шалқысын.
Бейсен Құранбек қазақ халқының журегінде мәңгі тұратын ерекше тума.Болмысы бөлек дара тұлға-әр қазақ ушін шырылдап арқашан көмек қолын созуға даяр тұратын қасиеті десек болады.Иманды салауат болсын.
Иманды болсын,жаны жанатта болсын!
Зәуретай, Бейсен ағаның орны ерекше еді ғой. Ол кісінің бойындағы тамаша қасиеттер сенің де бойыңда бар. Журналистика саласында ізін жалғастырар сырдың қайсар қызының бар екенін біліп кеткен екен да…
Алла алдынан жарылқасын. Нұры пейіште шалқысын.
Зәуре апа өте керемет жазылған!жаны жәнатта болсын!Сізде биік белестерден көрініңз!!!
Зәреш ханым ұстаз айтқандай білікті журналист және заңгер болыңыз. Сізден қолыңыздан келеді.Ең бастысы ағаңыз тілегендей бағыңыз ашылсын.
Иманды болсын! Ел Азаматы еді. Жаны жәннатта болғай!!!
Осындай ел, мұңын жер мұңын жеткізетін жандар аман болсын 🤲
Зәуреш ханым Алар асуларыңыз шығар шыңдарыңыз биік болсын 👋✅
Я Жақсы кісі ,керемет азамат туралы жақсы пікір жазыпсыз .Қайырлы қаза болсын!
Зәуреш жақсы жазыпсың. Бейсен жақсы азамат еді. Көп адамға көмегі де тиді.
Зәуре Облыстан маңызды мәселелерді бізге де жазып тұрсай
Сөзі өткір, қайратты , керемет журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбектің қайғысы әрине өте ауыр… Отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтта отырып сабыр берсин деймін… иманы жолдас болсын. Жаны жаннатта болсын
Жақсы жазылған…
Зәуре, Бисен Құранбек жақсы адам еді.Жатқан жері жарық болсын.
Жақсы дән үлгі ал,сол кісінің жақсы қасиеттері саған дарысын
Қадір Мырза Әлінің бір өлеңі бар еді айналайын
Адам күліп тумайды
Туа сала күлмейді
Үйренеді күлуді
Бірақ күліп өлмейді
Адам жылап туады
Жатады жұрт жұбатып
Және жылап өледі
Өзгені де жылатып
Жылататын туарда жамандар бар қинайтын
Жылататыны өлерде-жақсылар бар қимайтын
Осындай елге ерен еңбегі сіңген азаматтарымыз көп болсын
Ағамыздың жаны жәннәтта болсын! Иманы жолдас болсын! Алла біліпте-білмей істеген күнәлары болған болса кеширгей!әмин!
Оте керемет жазылган. Иманды болсын…
Бираз адамга кол ұшын тигизген киси 👍
Иманды болсын…
Иманды болсын, Ол кисиден талим алсаныз, Сол кисиге уксауга талпынсаныз, Сиздин де халыктын Мун-муктажын жоктайтын, халкым дейтин журналист болатынынызга сенимимиз мол!
Иманды болсын
Агамыздын жаны жаннатта болсын!Зауре сизге осындай керемет кисимен таныс болу бакыты буйырыпты. Сизге де денсаулык тилеймин, каламыныз ушталып, максаттарынызга жете бериниз
Иманди болсын
Жақсы жазылған екен. Иманды болсын.
Ия иманды болсын. Өте керемет кісі еді. Зәуреш ханым журналистика саласының ізбасары болыңыз. Сәттілік тілеймін!
Иманды болсын!!! Жатқан жері жәйлі топырағы торқа болсын!!
Құран тускен айда кеткен КУРАНБЕКТІН немересі🤲Енди бизге»Айтуға оңай емес»Кош болыңыз мейірімді журектін иесі болып каласыз.Жаныңыз жаннатта,төріңіз пейіштен онын алсын иншалла
Зауре сізге мың алғыс мақалаңыз өте әсерлі.Аллам сізге узақ ғұмыр бергей……
Иманды болсын!
Алла алдынан жарылқасын! Шын жақсы еді. Бар қазақты бауырындай көріп, жаны ашып тұратын.
Бейсен каламы ушкир журналист еди иманды болсын жаны жаннатта болсын Естигенде козимизге жас алдык. Букил казак ели жаксы коруши еди. Зауре сенде аганмен кездесип батасын алган едингой Сенде Бейсен агандай каламы ушкир журналист болатына сенемин
Алла алдынан жарылқасын! Бейсен аға керемет жан, керемет журналист екенін мойындатты. Зәуре әпке Сіздің мақалаңыз ағаның бүкіл болмысы мен адамгершілігінің көрінісі. Жақсы жазылған, шығармашылық табыс тілеймін өзіңізге!!!
Зәуре сіңілім, қалың қазақтың құрметіне бөлінген Бейсен ағаң туралы жып-жылы естелік жазыпсың.Алла разы болсын. Ия, қазақ журналистикасы қара жамылды. Тағы бір жарық жұлдыз ағып түсті. Тірісінде халқының кіршіксіз махаббатына бөленген Бейсеннің есімі мәңгі өшпек емес.
Иманды болсын !!!
Сіздің мақалаңыз көпке ой салды
Қарапайым адам болып қалу -қалай қиын болып кетті осы өмірімізде
Осындай адамгершілікті дәріптейтін телебағдарламалары Бейсеннің . қаншама адамды толғандырды.
Әттең қазаққа өте керек ақ азамат еді
Жаны жаннаттан болсын!
Осындай көзі ашық ер азаматтар қатары көбейсе екен
Зауреш оте асерли макала жазыпсыз, сизге де сол кисинин жолын берсин. Бисен аганын жаны жаннаттан болсын!
Керемет жазылган.Зауре каламын уштала берсин.Жаксынын артында из калады деген.
Керемет жазылган.Зауре каламын уштала берсин.Жаксынын артында из калады деген,саган да сол кисинин кайсарлыгын,шыншылдыгын,адамгершилигин берсин.
Жарк етип сонди алдынан жарылкасын ,кейбиреулер коше берсин деп жатыр коше емес атына халык болып жиналып армандаганындай мешит тургызайык халайык.Ол мешитке барган адамнын конили жай болады,аруагы жебеп желейди халыктын камын ойлаган ер азамат еди гой.
Иманды болсын! Зауре,шығармашылық табыс тілеймін, Бейсен ағаң секілді биік белестерді бағындыра бер
Алла алдынан жарылқасын жаткан жері жайлы топырағы торқа болсын от басына сабыр берсін
Зауре жазған мақаланды оқып жүрегім қан жылады.Қай кезде де қоғамның әлсіз топтарына ерекше мән беріп,қолдау білдіріп,оларды назардан тыс қалдырмауға бар күш жігерін жұмсаған қазақтың бір туар азаматы Бейсен ағамыздың жатқан жері жәйлі болсын.Алла жасамаған жасын жақындарына берсін деп тілейік.Ал өзіне келсем сен болашақтың жарқын келешегісін сондықтанда Бейсен ағаң сенін жалын жүректі,өршіл намысты екенінді байқап,саған көп үміт артқан болар.Бейсен ағаның ізін жалғастырар білімді,қашанда халқының қамын ойлайтын,шындыққа жаны жақын журналист бол.Қаламың ұштала берсін! Дәл осындай қалпыннан тайма!
Иманды болсын. Зауре оте асерли естелик жазыпсын. Каламын уштала берсин
Қазақ елі тағы бір біртуар азаматынан айырылды.Бұл барлық қазақ халқы үшін орны болмас қайғы.Ендігі жерде сіздей ізбасар жанашырлары барда ағамыздың есімі мәңгі сақталмақ.Қаламыңыз ұштала берсін!Бейсен аға жаныңыз жәннатта болсын!
Keremet jazgansiz. Ote aserli keremet estelik. Beisen aga janiniz jannatta bolsin!