14 мың жыл бұрын пісірілген нан табылды

272

0

Археологтар Иорданиядан ең ежелгі нанның қалдықтарын тапты. Нанның осыдан 14 500 жыл бұрын пісірілгені анықталды. Бұл туралы The Independent басылымы жазды.

Зерттеушілер үшін бұл жағдай тосын жағдай болды. Адамдардың ауыл шаруашылығы дамымай тұрып-ақ бірнеше мыңдаған жылдар бұрын нан пісіргені ғалымдарға тың жаңалық. Айта кетерлігі, таба нанды жабайы дақылдардан, оның ішінде арпа, бидай және сұлы, сонымен қатар су қосу арқылы жасаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<