19 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде күн ашық болады

199

0

 19 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
 Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Алматы облысы Алакөл көлі маңында жел 17-22 м/с күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей  жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<