400 сотталушы мекенжайы бойынша тексерілді

246

0

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық пробация қызметтерінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстың алдын алу, оларды қоғамға бейімдеу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде 2018 жылғы 12-23 қараша аралығында республикалық «Подучетник» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараға Қызылорда қалалық пробация қызметінің испекторлары мен учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылып, қызметкерлер күшейтілген қызмет түріне көшірілді.
Іс-шараның 7 күнінде Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторларымен 400-ге жуық сотталғандар тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріліп, олардың 15-не жаза өтеу шарттарын бұзғаны үшін шартты соттаудың, жазаны атқару мерзімін кейінге қалдырудың күшін жою туралы, түзеу жұмыстарын қоғамдық жұмыстармен немесе қамаумен, бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ескерту берілсе, 3 сотталғанға қатысты жинақталған материал бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру мәселесін шешу үшін сотқа жолданды.
Шара барысында тәртіп бұзушылықтардың қайталануының алдын алу мақсатында, заң шеңберінде шара қолданылатыны ескертіліп, олармен профилактикалық сипаттағы сұхбат жүргізілді.

«Подучетник» жедел-профилактикалық іс-шарасы қараша айының 23-не дейін жалғаспақ.

Қызылорда қалалық пробация қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<