53 жыл бұрын (1965) актер, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, Жас көрермендер театрының бас директоры Құлжанов Ғани Әбдуалиұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған. Қызылорда қалалық музыкалық училищесін, Алматы мемлекеттік театр және кино институтын бітірген. 1990-2007 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет атқарды. 2007 жылдан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі, жас көрермендер театрының бас директоры болды. М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» спектаклінде Айбар, М.Байджиевтің «Қалындық пен күйеу» – күйеу, У.Шекспирдің «Асауға тұсауындағы» – Гортензио, М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Арыстан, Е.Замятиннің «Еділ патшасында» – Вегила, Ғ.Мүсірепов «Махаббат туралы аңыз» – Қодар, Иран Ғайыптың «Шынғыс ханында» – Сүбітай, «Абылай ханында» – Әбілмансұр, Қ.Аширдың «Қабыл – Адам Ата перзенті» – Абыл, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесіндегі» – Құмар, Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» – Эрих Кламрот, У.Шекспирдің «Гамлетінде» – Король Клавдий, Д.Исабековтің «Әпкесіндегі» – Омар, Шахимарданның «Қазақтарында» – Қасымсұлтан, Ш.Айтматовтың «Ақ кемесінде» – Оразқұл, Ә.Нұршайықовтың «Қан мен терінде» Тәңірберген рөлдерін ойнап, «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Өзбекфильм», Ресей киностудяларында киноға түскен. Кейінгі кездері «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке», «Дневной дозор», «Ләйләнің зары», «Жас ұлан» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<