9 қап марихуанамен ұсталған азаматтарға сот үкімі шықты

371

0

Toyota Camry 40 автокөлігімен екі қызылордалық азамат жолға шыққан. Самара – Шымкент тасжолымен бағыт алған олар көліктің күндізгі жарық шамдарын жақпай, полицейлердің көзіне түскен.

Полицейлер тексеру кезінде жүргізушінің техникалық тексеруден өтпегендігін анықтап, көліктің ішінен салмағы 42 келі 682 грамм болатын 9 қап марихуананы тапқан.

Арал ауданына мал сатып алуға барған көрші екі қызылордалық азамат «жаңа тұрғылықты жеріне” қоныс аударуға мәжбүр болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот үкімімен олардың әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<