«Абылай хан» атындағы жоғары колледжі Қазақстан колледждерінің ұлттық рейтингінде І орында

1241

0

Нарық заманы бәсекеге қабілеттілікті айқын  көрсететін үлкен көрсеткіш.  Бұл – жасалған жұмыстың, төккен тердің нәтижесі деп баса айтуға болады. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Баршаға арналған тегін кәсіптік – техникалық білім беру» жобасы іске асырылуда, бұл туралы алғашқы рет 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылды, бұл жобаның  жалғастырылуының  қажеттілігі  2018 жылғы 10- қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция  жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілді. Сондықтан, үкіметтің өкімдеріне, сондай-ақ  ТжКБ  жүйесінің сапасын арттырудың маңыздылығына жауап ретінде іс-шаралар іске асырыла отырып, «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз Рейтинг агенттігі» – 2015 жылдан бастап жыл сайынғы колледждердің рейтингін жоспарлы түрде өткізіп келеді. 

«Абылай хан» атындағы жоғары  колледжі  Қызылорда облысындағы көпсалалы бағытта білім беретін, нарық сұранысын қанағаттандыратын заманауи  материалды – техникалық базасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті маман даярлайтын өзіндік дәрежесін айқындаған бірегей оқу орны. Бүгінде оқу орны игі бастамаларды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының   «Білім беруді дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған»  мемлекеттік  бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындау барысында үздіксіз қызмет көрсетіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген білім ордасы. Жуырда «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің  «Қазақстанның ең үздік көпсалалы колледждерінің ұлттық рейтингі – 2018» қорытындысымен  І орынды иемденді.  Бұл  үздіксіз ізденіс пен ұйымшыл қызмет атқарып жүрген аталған білім ошағының басшысы мен оқытушыларының бірізділікпен жасаған еңбектерінің жемісі.     

Колледждер үшін Ұлттық рейтингіне жыл сайын қатысуы барлық мүдделі тараптарға: оқуға түсуге дайындалып жүрген балалар мен олардың ата-аналарына, колледждер серіктестеріне, шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарына, салалық қауымдастықтар мен ұйымдарға, орталық мемлекеттік және жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға өздерін естеріне салуға немесе тіпті мәлімдеуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Ұлттық рейтингіде білім беру ұйым қызметінің негізгі аспектілері ескеріледі, рейтинг әдістемесі Агенттіктің www.nkaoko.kz сайтында көрсетілген. Колледж жетістіктерінің максималдық жалпы баллдық көрсеткіші  өз бетінше бағаланатын көрсеткіштері бойынша жүргізіледі және ол 100% құрайды, оның ішінде: студенттер контингентінің көрсеткіштері – 15%, олардың оқу нәтижелері – 15%, инженерлік – педагогикалық қызметкерлер сапасының көрсеткіштері – 20% және кәсіпорындар мен ынтымақтастыққа, колледждің немесе оның білім беру бағдарламаларының аккредиттеуден өтуіне және колледждер қызметінің ақпараттандыруды қамтамасыз ету тәсілі ретінде колледж сайтының бағалауына әрқайсысына 15%-дан келеді. Осындай талаптардың барлығына сай келіп, бүгінде үздіксіз жаңа бастамаларды жүзеге асырып жүрген «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің алар асуы мен бағындырар биігі жемісті әрі жеңісті боларына сенім артамыз!

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ РЕЙТИНГІ – 2018

№ 

Колледждер (ТжКБ ұйымдар) атауы

Қорытынды  нәтиже 

1

Абылай хан атындағы жоғары колледжі (Қызылорда қ.)

56,96

2

Инновациялық Еуразия университетінің колледжі

53,46

3

Талдықорған политехникалық колледжі

51,75

4

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалык колледжі

43,26

5

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі

39,13

6

Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі»

37,89

7

«Алматы технологиялық университеті» АҚ Технологиялық-экономикалық колледжі

35,82

8

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі

23,72

9

М.Б. Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі

18,80

«Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің

әдіскері Мамутова Гаухар Мухитдинқызы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<