Аграрлық саладағы жаңа жобалар

328

0

“Жасыл” экономика бағытындағы секция отырысына облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов және “Халықаралық Аралды құтқару қоры” атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекнияз қатысты.
Форумға осы бағытта жұмыс жасайтын “Profit Master” ЖШС,   “ГРАНТ Technology” ЖШС, “Хим­проинжини­ринг” ЖШС секілді отандық компания­лармен бірге Ис­паниядан “MSK Green­houses”, Израильден  “Development Vel­lass.r.o” компаниялары және басқа ғы­­лыми ұйымдар қатысты. Келелі жиында баяндамашылар тарапынан әлемдік тәжірибедегі “жасыл” экономиканың бү­гінгі беталысы жан-жақты қамтылып, бо­лашағы жайлы байыпты ұсыныстар ортаға салынды.
Біздің облыс үшін  аграрлық сектордың одан әрі дамуы Арал-Сырдария бассейніндегі су дең­гейіне тікелей байланыс­ты. Соң­ғы жылдары Сырдария өзе­­нінде судың азаюы, сумен жаб­дықтауға қатысты кейбір мәсе­лелердің туындауы, сондай-ақ, азық-түлік­ке сұраныстың артуы ауыл шаруа­шылығы өндірісін ұл­ғай­тудың жа­ңа тәсілдерін енгізуді талап етіп отыр.
Облыс аумағындағы шамамен 238 мың гектар егістік жер толығымен суармалы жүйеге бейімделген. Сондықтан біз үшін суды тиімді пайдаланудың маңызы зор. Бұл орайда биылғы жылы Арал өзенінің тұзды жерлерін ауыл шаруашылығына қайтару мақ­сатында облыста “Оазистік суа­рудың көрсетілімі” жобасы іс­ке асырылды. Жаңа бастаманы Жа­лағаш ауданындағы “Манақ Баба” шаруа қожалығы қолға алып, жа­зық далаға тамшылатып суару әдісімен алма бағын екті.
Аймақта суды үнемді пайда­лану үшін егіс дақылдарын әрта­раптандыру шаралары да қолға алынған. Яғни, мал азықтық және майлы дақылдардың көлемін арт­тыруға басымдық беріліп отыр. Мы­салға, 5 жылда мақсары көлемі 1,3 мың гектардан 10 мың гектарға дейін артқан болса, одан әрі 20 мың гектарға дейін жеткізу жос­парлануда.  
Облыста тамшылатып суару әдісімен 4 мың гектарға арналған қызанақ егу, жем-шөп дақылдарын өндіру және басқа бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Жалпы алғанда, 51,3 мың гектар аумақта суды үнемдейтін суару әдістерін қолдану жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, өңірде мал шаруашы­лығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін алыс жайылымдарды дамыту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ай­талық, соңғы 4 жылда алыстағы жайы­лымдарда 313 ұңғыма салы­нып, 154 күн панелі сатып алынған.
Жиында “Profit Master” ком­пания­сының өкілі А.Шпи­гуннің “Биоқал­дықтарды өңдеудің тиімді әдістері”, Чех Республикасындағы “Development Vellass.r.o” компа­ниясының бас менед­жері” Я.Хо­до­ровскийдің “Жылу энер­гетика саласының дамуы”, испаниялық “MSK” компаниясының өкілі Ф.Мо­ли­наның “Автоматтан­ды­­­­рыл­ған өндірістік жылы­жайы­­­ның құ­рылысы”   жобалары қатысу­шы­лардың қы­зы­­­ғушы­­­лы­ғын тудырды.
Сонымен бірге, жылыжай жоба­лары, органикалық өсімдіктер өсі­ру, оларды табиғи әдіс­пен зиянкестерден тазарту, ет, балық өнімдерін дайындаудың жаңа әдістері, табиғи газ және электр энергиясын өндіру бағы­тындағы бірқатар ұсыныстар бой­ынша жаңаша бизнес бастамаларды іске асыруға келісім жасалды. 

Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<