Актив отырысында жаңадан сайланған Арал қаласының әкімі таныстырылды

6

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында қала халқының басым дауысымен Арал қаласының әкімі қызметіне жаңадан сайланған Ренат Қуанғанұлы Жанаев таныстырылды.

21 маусым күні өткен Арал қаласы әкімінің сайлауына сайлаушылардың 82,08%-ы қатысып, өз таңдауларын жасады. Жалпы, Арал қаласының әкіміне 4 үміткер ниет білдіріп, қорытындысымен өзін-өзі ұсынған Жанаев Ренат Қуанғанұлы халықтың басым дауысын жинап, яғни 70,7% пайыз дауыс бойынша аудандық сайлау комиссиясының қаулысымен Арал қаласының әкімі лауазымына сайланды.

Ренат Қуанғанұлын 1979 жылы Арал қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Арал аудандық жастар орталығында кеңесші маманы ретінде бастаған. 2001 жылы Арал қаласы әкімі аппаратында әскери есеп столының инспекторы, жетекші маман, 2005-2009 жылдары Арал аудандық ішкі саясат бөлімінде жетекші маман, бас маман, 2009-2012 жылдары Арал ауданы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарды.

2012-2015 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы, 2016-2021 жылдары Арал қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдан бастап осы кезге дейін Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы қала әкімін жаңа қызметімен құттықтап, Арал қаласы әкімінің алдында тұрғындардың сұранысына сәйкес және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жандандыру, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, қаладағы автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, көшелерді түнгі жарықпен қамтамасыз ету, демалыс орындарын күтіп-ұстау, жаңа жұмыс орындарын ашу сынды бірқатар маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті..

Жиында алдыңғы аға буын ардагерлер өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, Ренат Қуанғанұлының алдағы жұмысына сәтілік тіледі.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі