Қали Сәрсенбайдың шығармашылық кеші

249

0

Бүгін Алматыда М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында белгілі публицист Қали Сәрсенбайдың «Сөз сәулесі» атты шығармашылық кеші өтіп жатыр, – деп хабарлайды «Хабар 24». 
Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінің корректоры болып бастаған Қали Сәрсенбай бүгінде «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметін атқарады. Ол басшылық еткен соңғы 15 жылда газет тиражы 10 есеге артқан. Қазақстанның Еңбек сіңірген және мәдениет қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері қазақ өнері мен еліміздің нар тұлғалары жайында қалам тербеген. Сондай-ақ «Шал мен шындық» сынды бірнеше кітаптың авторы. Қаламгерлік, ұйымдастырушылық, басшылық қабілетімен танымал журналист ұлт жанашыры ретінде де белгілі. Қали Сәрсенбай Алматы қалалық мәслихатының депутаты. 
Нұрғали Ораз, жазушы:
 – Қали Сәрсенбай – қазақ журналистикасындағы танымал есімдердің бірі. Қали жазған кезде ол оқырманмен ашық сырласып отырып жазады. Қалидің стилі, халыққа жақын стиль. Ел арасынан шыққан, ел ішінде өскен перзент екендігі бірден сезіліп тұрады. Сондықтан да Қалидің қаламынан шыққан туындылар елге жақын және барынша кеңінен танымал.