Екі полицейді пышақтап кетті

324

0

Екі полицейді пышақтап кеттіАлматыдағы оқиғаға қатысты төрт күдіктінің екеуі ұсталып, екеуі әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ktk.kz.

Телеарнаның хабарлауынша оқиға бір азаматтың жалға көлік алғанынан басталған. Daewoo Nexia көлігін жалға алған ер адам 2 күндік ақшасын кешіктіріпті. Жалға беруші адам оны тауып алып, Наурызбай ауданында ұрып-соғып, 2 телефонын тартып алған. Кейін 14 мың теңгені 40 мың қып қайтарасың деп талап қойған. Ақшаны алу үшін келісілген жерге көлікті жалға бергендер 4 адам боп келген. Олар сол жерде 2 полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған.

Қазір ҚР ҚК-нің «Билік өкілін қорлау» бабына сәйкес, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. «Жарақат алған тәртіп сақшылары №7 қалалық клиникалық ауруханаға бірден жеткізіліп, ота жасалды. Қазіргі кезде олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайы бірқалыпты», – дейді полициядағылар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<