Әлемге танымал актер Джеки Чан коронавирус инфекциясын жұқтырғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарып, жанкүйерлеріне үндеу тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қамқорлықтарыңыз үшін баршаңызға рақмет! Мен аман-саумын, денсаулығым жақсы. Өтінемін, уайымдамаңыздар. Карантинде де емеспін. Бәрі де қауіпсіз әрі дені сау күйде болар деген сенімдемін», – деп жазды Джеки Чан Instagram-парақшасында.
Айта кетсек бірқатар БАҚ-та актер коронавирус жұқтырғаны жайлы ақпарат шыққан еді. Соның ішінде шетелдік тілшілер Джеки Чанның Гонконгтегі кешінен кейін карантинге жатқызылғанын жазды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<