Қанат Ислам қашан рингке шығады

273

0

Бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам ҚазАқпаратқа сұхбат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

«Өткен жылы маңызды айқас алдында аяғымды жарақаттап алып, жекпе-жек кейінге қалғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Содан бері ем-дом қабылдадым. Ұзақ үзіліс болды. Жанкүйерлерім де менің айқасымды сағынып қалғаны анық.  Қазір Аллаға шүкір, денсаулығым қалпына келе бастады. Содан мен де Алматыдағы AIBA бокс академиясында жайлап жаттығуымды бастап кеттім», – деп бастады Қанат Ислам әңгімесін. «Жекпе-жек қашан?» деген ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ол: 
«Жақында белгілі болады. Негізі, осыған дейінгі жоспарым – елорда күніне орай бас қаламызда бір айқас өткізем деп ойлағам. Бұйырса, оның алдында АҚШ-та бір кездесу болуы мүмкін. Осыдан бірер күн бұрын АҚШ-тағы промоутер Эгис Климаспен сөйлестік, ол Америкада жекпе-жек ұйымдастыруға мүмкіндіктер қарастырып жатыр. Ол жақын арада сол жақтағы жұмыстарды нақтылап, бізге жауабын береді. Тағы бір қолға алып жатқан ісіміз – америкалық жаңа бапкермен сөйлесіп жатырмыз. Оның есімі көпке таныс – жартылай салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Роберто Гарсия. Бұл бапкермен тіл табысып жатсақ, ары қарай жекпе-жектер жалғасатын болады», – деп жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, «QAZAQ» Ислам (25-0, 20 КО) соңғы жекпе-жегін 2017 жылы 9 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда канадалық Брэндон Кукпен (20-2, 13 КО) өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен болатын.    

Дереккөз: inform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<