Ақпараттық қауіпсіздік тақырыбында шеберлік сағаты өтті

216

0

Облыс әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен IT-Park алаңында «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында мастер-класс өткізілді.

 Қазіргі таңда SMART технологиялар өмірімізге еніп жатыр. Алайда олардың қауіпсіздігі туралы мәселелер бей жай қалуда. Бүгінгі MeetUP –тың негізгі мақсаты сол қауіпсіздікті сақтау аясында жасалған жұмыстар таныстырылады. Аймақтың ақпараттық қауіпсіздік саласында жүрген мамандар ортаға өз ойларын салып, жаңа бастап келе жатырған жастарға жол көрсетті. Ақпараттық қауіпсіздіктің ішінде қай бағытқа назар салу керек екенін тәжірибе тұрғысында түсіндірді. Айталық, Мұхамедияр Нұрлыбекұлы веб-сайттарды кибершабуылдардан қорғау үшін Python тілінің мүмкіншіліктерін көрсетіп, веб сайттың кибершабуылға төзімділігін сынады.

Дастан Айтбай веб сайттарға вирус жіберу арқылы қалай сайттың жұмысына тоқтау қоюға болатынын көрсетіп және бұл кибершабуылдан қорғанатын скриптік кодтардың жазылу алгоритмін түсіндірді.

«Қазақстан IT мамандары Ассоциациясының» төрағасы Нұрлан Серікұлы қоғамдық орындардағы ашық сымсыз желіге (WIFI) қосылған интернет пайдаланушылардың жеке мәліметін кибершабуыл арқылы қалай қолды қылатынын тәжірибе ретінде көрсетті. Тәжірибе барысында сымсыз желіге қосылған пайдаланушының вконтакте әлеуметтік желісінің логині мен құпия сөзіне қолжетімділік жасады.  

Мастер-классты Қазақстан IT-мамандары ассоциациясының резиденттері «Цифровая эпидемия», «Дзен в программировании», «DNS алмастыру» және «Веб сайтты әлсіздікке сынау» тақырыптары қатысушыларға түсіндіріліп, лекторлар аудитория тарапыннан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бұл IT-мамандары мен тұрғындар арасында екінші рет ұйымдастырылып отырған кездесуі. Алдағы уақытта осындай бағытталған MeetUp-тарды тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<