Аппарат мәжілісі болып өтті

358

0

Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі мәжілісі болып өтті. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және олармен өзара әріптестікті жандандыру жұмыстары туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Темірбаев хабарлама жасады.
Кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Жол картасының орындалуы туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Жомарт Сарабеков баяндады. Күн тәртібінде қаралған мәселелер өзекті. Баяндамашыларға мәжіліс барысында сұрақтар қойылып, тиісті жауап алынды.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Аудан бюджетінің 2018 жылдың 1 желтоқсанға орындалуы және жыл соңына игерілу болжамы туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметулла Аманов хабарлама жасады.
Ауданда салық базасын ұлғайту мәселелері туралы Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қожабергенов Фердоуси баяндама жасады.
– Жыл аяқталуға аз қалды. Сондықтан, биылға жоспарланған қаржылар 100 пайыз мақсатты игерілуі тиіс. Әсіресе, құрылыс, инфрақұрылым, жол, абаттандыру бойынша бөлінген қаржыларды игеруге жауапты бөлімдер мен әкімдер жұмысты жүйелі ұйымдастыру қажет, – деді аудан басшысы М.Ергешбаев.
Аталған мәселелер бойынша ұсыныстар мен талаптар хаттамаға енгізуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<