“ARAY CITY MALL” сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылған

921

0

Фото: ашық дереккөз

1 шілде күні полиция департаментіне “ARAY CITY MALL” сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиғаның алдын алып, ғимаратқа тексеріс жүргізу үшін арнайы жедел жасақ қызметкерлері келіп, ғимараттағы халықтың барлығын қауіпсіз аймаққа көшірді.

Нәтижесінде арнайы жедел жасақ ғимаратқа толық тексеріс жүргізіп, тыйым салынған заттар мен жарылғыш құрылғылар
табылмағанын хабарлаймыз.

ЕСКЕРТЕМІЗ:

Қызылорда облысының
Полиция департаменті қылмыстық
құқықбұзушылық болып табылатын
терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді, ол үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
273-бабында (Тероризм актісі туралы керінеу-жалған хабарлау) жаза
көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға
дейін бас бостандығынан айыру жазасы
қарастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<