Ардагерге құрмет көрсетті

577

0

1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жарманов Қалмырза мен Бисенбаев Қуанышбай ақсақалдардың үйіне барып, мерейлі мерекемен құттықтап, Қармақшы ауданының 90 жылдығы мерекелік медалін табыстады.

Ардагерлермен кездесуде аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы:

-Сіздердің жауынгерлік және еңбектегі ерліктеріңіз халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Жеңістеріңіздің тарихы – патриотизм мен ел бірлігінің нағыз үлгісі. Тәуелсіздік алып, ел еңсесін тіктеп бейбіт өмір сүру – халқымыздың қажымас қайратының, батыр бабаларымыздың ерлігі мен еңбегінің арқасында келді – деді.

Ардагерлеріміз өз кезегінде ыстық ықЫласын білдіріп, ақ батасын берді.

                                                              

                   Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<