АҚШ-тың танымал бишілері Астанада шеберлік сабақтарын өткізеді

277

0

 Астанадағы шеберлік сағатына қатысу үшін әлемнің бес елінен 100-ден астам жас биші келді. Орталық Азия би фестивалінде олар екі апта бойы АҚШ-тың дүние жүзіне белгілі хореографтарынан тәлім алады. 

Өз тәжірибесімен Кэтрин Пилкингтон мен Тара Комптон бөліспек. Олар неоклассикалық балет, модерн, бродвей, импровизация, джаз және хип-хоп секілді би түрлерінен тегін сабақ өткізеді. Айта кету керек, АҚШ елшілігі ұйымдастырған мұндай фестиваль елордада алғаш рет өтіп жатыр. Пол Эмерсон, хореограф: – Қатысушылар екі апта бойы тыным таппай билейді. Таңғы 10-нан бастап, кешкі сағат 8-9 дейін жалғасты. Біздің мақсатымыз – оларды би техникасына оқыту. Сондай-ақ мұнда хореографияны фото және бейнесуретке түсіру әдістеріне де үйретеміз.

http://24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<