Ашық есік күні

211

0

Қызылорда облысы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ашық есік күнін өткізді.

Кездесу басында өрт сөндірушілер балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы және өрт пайда болған кезінде негізгі іс-әрекеттерімен таныстырды. Экскурсия барысында оқушылар өрт сөндірушілердің өрт сөндіру бөлімінде өз өмірлерінің үштен бірін өткізетін қызметтік байланыс пункті, қарауылдық қызмет үй-жайы, демалыс бөлмесі, оқу сыныптары, спорт залы және газ-түтіннен қорғау қызметі бөлмелерін көрді.

Бұдан әрі оқушыларға түрлі өрт сөндіру автокөліктері көрсетілді. Балаларға өрт сөндіру техникасын және өрт-техникалық қару-жарақтарды қолжетімді нысанды түрде айтып берді. Сондай-ақ, құтқарушылар оқушыларға авариялық-құтқару құрал-сайманмен жабдықталған автокөлікті және оқиға кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын және төтенше жағдайларда пайдалануға үшін көрсетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің

өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<