АСПАПТАР ҮНІ АСҚАҚТАҒАН КҮН

200

0

С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде өнерсүйер қауымға танымал «Мереке» вокалды аспаптар ансамблінің құрылғанына 30 жыл толуына орай облыстық байқау ұйымдастырылды. Байқауға 10 өнер ұжымы қатысып, бақ сынады.

Бұдан 30 жыл бұрын сол кез­дегі Сырдария ауданында құрылған ансамбль қазақ ән­­деріне жаңаша өрнек беру жо­­лында ізденіспен ке­леді. Бү­гінде ұмытыла бас­таған вокал­ды аспапты ан­самбльдердің өнерін насихаттауды мақсат еткен бай­қау көрерменге рухани демалыс сый­лады.

Байқауда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ком­позиторлар одағының мүшесі, белгілі ком­позитор Рамазан Тайманов бас­таған өнерпаздар қазы­лық етті.

Өнер жарысына  талапты жастарды алып келген Шиелі ауданы Ботабай ауылдық клубы директоры, күйші-ком­по­зитор Батырхан Махановпен аз-кем тілдескен едік.

– Байқауға Ботабай ауыл­­дық клубының жанынан құ­рыл­­ған «Тұмар» ансамблі қатысуда. Шыны керек, бү­гін­де сахнада жанды дауыс­пен ән айту өте аз. Сонымен қатар қол­мен ұстап, тартылып, шер­­тілетін музыкалық ас­паптар да ұмытылып бара жатыр. Қазір музыка ком­пьютерлік өңдеуден өтіп, дайын фонограммамен ды­бысталады.  Міне, осы жа­ғынан  бұл байқау нағыз таза өнерді насихаттау үшін өте маңызды шара бо­лып отыр. Біз сахнаға өз­ге музыка аспаптарымен бірге домбыраны да алып шы­ғамыз. Себебі, бұрын әр үйдің төрінен табылатын домбыра қазір көп көріне бермейді. Ауыл клубынан домбыра үйір­месі ашылғалы бері бала­лар­дың ұлттық аспапқа деген қызығушылығы артты, сонымен қатар, ауылда домбыра көбейді, – деді ол.

Байқау өз мәресіне жетіп, бас жүлдені Сырдария ауданынан келген «Ритм» вокалды аспапты ансамблі, І орынды қазалылық «Сейхун» этно-рок ансамблі жеңіп алса, ІІ орынды жаңақорғандық «Экспресс», ал, ІІІ орынды жалағаштық «Алтын Арай» ансамблі ие­ленді.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.