Астананың құрылысы қай бағытта салынады?

267

0

Алдағы бес жылда елоданың төрт ауданында құрылыс нысандарын көптеп салу жоспарланған, – деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, алдымен Мыңжылдық аллеясының бойымен құрылыс қарқыны толастамайды. Оған Тәуелсіздік монументінен бастап Нұрлы жол вокзадына дейінгі территория кіреді.
 «Ол жерде 15 мыңнан астам пәтер салынады. Қажетті көліктік-инженерлік инфрақұрылым да болады. Екінші аудан – Мәңгілік ел даңғылы. Оның бойымен құрылыс нысандарын көтеп салу жоспарланған. ЭКСПО көрмесіне жақын жерлер, сосын медициналық мекемелердің артындағы жерлер игеріледі. Үшіншіден, Тұран даңғылы бойында біраз жұмыстар бар. Хан-Шатырдың артындағы жерге де тұрғын үйлер салынады. Ал төртінші аудан – Тельман. Бас кезінде ол жерде 2 мың гектарда құрылыс нысандары болады деп жоспарлаған болатынбыз. Бірақ бертін келе, аталған жоспар қысқартылды. Жақын арада тек 200 гектарға ғана үйлер салынады. Қалғаны кейінге қалатын болды», – деді С.Хорошун.
Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, әрбір аудан бойынша су, энергия, жылу және кәріздік жүйелерді тарту мәселелері пысықталды. Алдағы уақытта газды жеткізу жайы да ескеріледі.
«Осы жұмыстың нәтижесінде кешенді жоспар қабылданды. Қыркүйек айында Үкімет арнайы қаулысымен аталған құжатты бекітті. Енді, осы жоспарға қарай барлық бюджеттік өтініштерімізді келтіретін боламыз», – деп атап көрсетті С.Хорошун.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<