Аудан әкімі дарынды балалармен кездесті

402

0

Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков ауданымыздағы оқуда озат, дарынды, қоғамдық жұмыстарда белсенді, шығармашыл жасөспірімдермен  кездесті.

«Дарынды бала – ел болашағы» атты кездесудің мақсаты – оқу мен шығармашылықта жоғары нәтижелер көрсеткен дарынды өрендерді қолдау болып табылады.

К. Томанов атындағы №183 орта мектебінде өткен шарада аудан басшысы роботехника,  көркем еңбек кабинеттерін аралап, үйірме жұмыстарымен танысты. Республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары келешек жоспарларымен бөлісіп аудан басшысымен еркін форматта сұхбаттасты.

Кездесуде аудан әкімі Мұса Оспанұлы ел ертеңі саналатын бүгінгі буынды отансүйгіштікке, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеу парыз екенін атап өтті.

– Елбасының «Кемел келешекке біліммен» деген қағидасын, өмірде берік ұстанып, жастарымыз алдына зор мақсат қоюы керек дегім келеді.

Бүгінгі ХХІ ғасырда жаһандану кезеңінде ақпараттық технологияларды жоғары деңгейде меңгеріп, жауапкершілікті сезіну баршаңызға міндет болып табылады.«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті» дегендей білім мен өнер балалардың болашағының жарқын болуына бірден-бір кепіл, – деді аудан әкімі. 


Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<