Ауданда шағын футболдан турнир өтті

305

0

Жосалы кентінде 1-желтоқсан Қ Р Тұңғыш Президенті күніне орай және Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында шағын футболдан турнир өткізілді.

Жарыстың қорытындысында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Берік Шерниязов турнир өтуіне ұйымдастырушылық еткен желтоқсан оқиғасына қатысушы Ерлан Бисембаевты Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев сөз сөйлеп, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттаудағы шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі жарысқа 11 команда мен 110 спортшы қатысты.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін атап айтар болсақ, 1-орынды Байқоңыр қаласындағы №274 мектеп командасы, 2-орынды Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің командасы, 3-орынды №26 орта мектеп командасы жеңіп алса, «Үздік ойыншы» номинациясымен – №30 мектептің оқушысы Жанайдар Әсет, «Үздік қақпашы» номинациясымен – №26 мектептің оқушысы Тұрмахан Бақытжан, «Үздік шабуылшы» номинациясымен – №109 мектеп оқушысы Елемес Дархан, «Үздік қорғаушы» номинациясымен – №250 мектеп-лицей оқушысы Пірәлі Ғалымжан, «Үздік жас ойыншы» номинациясымен – №250 мектеп-лицей оқушысы Сәдуәқасов Олжас, «Үздік сұрмерген» номинациясымен – №274 мектеп оқушысы Байшылықов Айдос иеленді.

Жарыстың жүлдегерлеріне аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдары демеушілердің кубогтары мен медальдары табысталды.

                                                              А. Қозыбақов,

    Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<