Аудандық кітапханада «Coworking» орталығы ашылды

271

0

Қармақшы ауданындағы кітапханада жастар мен жалпы оқырмандарға «Coworking» орталығы пайдалануға берілді. Орталықтың ашылуы «Қазақстанның Кітапханалары» партиялық жобасы шеңберінде жүзеге асты.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев, аудандық «Жастар ресустық орталығы» директоры Ә.Ыбрахим, «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының есепке тіркеу және статистика секторының меңгерушісі Г.Жалелова, ардагерлер мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, кітапханашылар және тұрақты оқырмандар қатысты.
Аталған орталық жаңа технологиямен және жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталған. Мұнда келушілер арнайы конференц-залда түрлі тақырыптарда семинарлар, дәрістер және тренингтер өткізе алады. Одан бөлек, жаңа орталықта демалыс аймағы, еркін пікірталас аймағы бар.
Осылайша дәстүрлі кітапханадан жаңа заман талаптарына сай нағыз білім орталығы ретінде жаңғырған кітапхана қазірдің өзінде жергілікті жастардың жиі бас қосатын жеріне айналып үлгерді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<