«АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

238

0

Автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 3-9 күндері аралығында облыс аумағында «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы іс-шараға Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қызылорда ҚПБ Жергілікті полиция қызметінің 157 қызметкері қатысып, алдын-ала және кезеңдік тексерулер жүргізілуде, оның ішінде жүргізушілердің сапарға дейінгі баратын медициналық тексерулер мен олардың жұмыс пен демалыс режимін сақтауы тексеріледі.
Іс-шараның 4 күнінде қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты барлығы 54 әкімшілік хаттамалары рәсімделіп, оның ішінде ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша (автокөлік басқарған кезінде ұялы телефон пайдаланған үшін) – 10 дерегі, 592-бабына сәйкес (жылдамдық асыртқан) – 1 дерегі, 595-бабымен (маневр ережесін орындамаған) – 10 дерегі анықталды.
Сонымен қатар, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелері бұзылған.
Рейд кезінде полиция жүргізушілерге жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру туралы хабарлайды. Олар автобустар мен автобустардың жүргізушілерін Жол ережесін бұзбауға, жолаушылармен сыпайылық танытып, жолдардағы қырағылықты, мұқияттылық пен ынтымақтастықты сақтауға шақырады.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының сыртқы
және ішкі коммуникациялар тобы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<