Ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

419

0

Өткен сенбіде Жалағаш ауданының орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге Жалағаш кенті мен ауылдық округтерден 5 тонна қауын, 5 тн қарбыз, 10 тонна картоп, 1,5 тон қырыққабат, 2 тонна сәбіз, 10 тонна жуа, 1200 тонна жоңышқа және 1950 тн қамыс пресс әкелінді.

Ауылшаруашылығы өнімдерінің ішінде жоңышқа және шөп преске қыстың қамын жазда ойлаған аудан тұрғындарының сұранысы жоғары болды.

Ауданда жеке тұрғындар тарапынан 500 гектар жер дайындалып, 500 гектар жерге 921 отбасы 217,3 га картоп, 63 га көкөніс, 219,7 га бақша дақылдарын орналастырған болатын. Бүгін Жаңадария ауылының тұрғыны Құрақбаев Ғалымжан «Игенбай» учаскесіне 3 гектар жерге еккен алғашқы қарбыз өнімін жәрмеңкеге алып келді. Ауданның тұс-тұсынан Жаңадариялық өнімді іздеп келгендердің саны көп болды. Бұл таза өнімге халықтың сұранысы жоғары екенін білдіреді.

Баға тұрақтылығын сақтауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі алдағы уақытта ұйымдастырылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<