«Қайсар» Түркияда өзбекстандық клубпен кездесті

208

0

Қызылорданың «Қайсары» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Өзбекстанның «Металлург» командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Аталмыш ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Кездесудің бірінші кезеңінде қызылордалық футболшылар қарсыластар қақпасына екі гол соғып үлгерді. Алдымен 11-минутта Алвин Фортеш есеп ашса, одан кейін 45-минутта Иван Пешич қанжығасын майлады. Ал екінші кезеңнің 53 және 63-минуттарында өзбекстандық клуб қос гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.  
«Қайсар» оқу-жаттығу жиынын 17 ақпан күні аяқтайды. Ал 29 ақпанда Қостанай қаласында Қазақстан суперкубогы ойынында елорданың «Астана» клубымен шеберлік байқасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<