Айтыс: Жетінші «Алтын домбыраға» Жансая Мусина ие болды

855

0

Астанада өткен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында бас жүлдеге батысқазақстандық Жансая Мусина ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі күнге созылған дүбірлі айтыста аузымен құс тістеген кіл мықты ақындар айтыстың көркін қыздырды. «Қазақстан» концерт залын екі күн бойы дүркіреткен айтыс биыл ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елорданың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналып, «Астанам, сенсің айбарым» тақырыбымен өтті.
 «Алтын домбыра» айтысы билы жетінші мәрте өткізіліп отыр. Айтыста үшінші орынды Ринат Заитов, Мақсат Ақанов пен Рүстем Қайыртайұлы еншіледі. Ал екінші орын екі ақынға – Мейірбек Сұлтанхан мен Еркебұлан Қайназардың қанжығасында. Бірінші орынға «Айтыстың ақтаңгері» атанған Дидар Қамиев ие болса, бас жүлдені биыл батысқазақстандық Жансая Мусина жеңіп алды. «Алтын домбыра» иегеріне 5 млн теңге берілді.
Еске сала кетсек, Биыл 7-ші рет өтетін «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған қатарлы азулы ақындар қатысқан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<