Айзат – жеңімпаз!

229

0

№212 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Айзат Ербол республикалық ғылыми жобалар байқауында Сыр еліне Қиыр шығыстан жер аударылған кәріс этносы өкілдерінің кешегі мен бүгінін өз еңбегіне арқау етіп,  бірінші орынды жеңіп алды.

Білімге құмар жасқа Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Айтжан Оразбақов және №212 мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі Зейнеш Атеева жетекшілік етіп, зерттеу жұмыстарына қолдау білдірді.

Тақырыпты зертеу барысында жас ғалым Достық үйіне келіп, өзін қызықтырған корей этносы жайлы тың деректер мен мағлұматтар ала алды. «Қазақстан-2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік мәдени модельдері» тақырыбында өткен байқаудың төрт бағытынан сүрінбей өтіп, жүлделі орынды иеленген жас ғалымды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<