
Бұл жобада, тек оқу құралын шығарып қоймай, әлемдік жаңа технологиялар арқылы қазақ тілін қашықтан жүйелі түрде оқытуға үлкен мүмкіндік жасалған.
Оқу құралын жасау барысында әлемдік тіл үйренудің озық тәжірибелері қолданылған. Оқу құралы екі бөлімнен тұрады. Ағылшын, орыс, парсы, қытай тілді үйренушілерге арналып, төрт тілде жасалған. Сонымен қатар ағылшын және парсы нұсқасы латын әліпбиінде, орыс және қытай тіліндегі нұсқасы кирил әліпбиінде жарық көрген.
Екінші: оқу әдістемелік құрал негізінде «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының арнайы студиясында видео сабақтар түсіріліп, YOUTUBE каналға салынды, әрі сол сабақтар бойынша жаңа технологияларды пайдалана отырып, тікелей эфирде (онлайн немесе қашықтан оқыту) дистанциялық сабақтар жүргізілу үстінде. Қазіргі таңда жиырмадан астам елде, 300-ге жуық оқушы арнайы жабдықталған аудиторияларда ана тілін үйренуде.
Мәдениет порталы