Қазақстан өкілдері Армения депутаттарының сайлауын байқауға қатысады

231

0

2018 жылғы 7-10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының 11 өкілі Армения Республикасының Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауын байқауға қатысады, оның екеуі Армения Республикасы Ортсайлаукомының шақыруымен, алтауы – ТМД байқаушылар миссиясының құрамында, екеуі – ТМД Парламентаралық Ассамблеясы желісі бойынша және біреу – ЕҚЫҰ ПА делегациясының құрамында, – деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров Армения Республикасы Ортсайлаукомының шақыруы бойынша сайлауды байқауға қатысады.

ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР ОСК аппаратының қызметкерлері, «ҚР ОСК ИТО» РМК және Қостанай облысы өкілдері қатысады.

Қазақстан Республикасының өкілдері Ереванда, сондай-ақ Армения Республикасының Тавуш және Армавир облыстарында байқауды жүзеге асыратын болады.

2018 жылғы 9 желтоқсанда Армения Республикасында Ұлттық Жиналысқа кезектен тыс сайлау болды. 2017 жылғы сайлаудың қорытындылары бойынша қалыптасқан республика Парламенті өз жұмысын Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының депутаттары 1 қарашада арнайы отырыста премьер-министрді екінші рет сайламағаннан кейін тоқтатты.

Кезектен тыс сайлауды тағайындау туралы Жарлыққа Армения Президенті ел Конституциясының талаптарына сәйкес қол қойды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<