Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн салқындайды

285

0

Синоптиктер 21-23 шілде күндерінің ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
 «Қазақстанның солтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жоғарғы циклон жылжып, осы аймақтарда жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр жауып, кей жерлерге бұршақ түседі. Күшті жел соғып, ауа температурасы төмендейді», – делінген хабарламада. Осы циклон республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа райына ықпал етеді.
«Мұнда кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Өткінші жаңбыр жауып, жылдамдығы 15…23 м/с болатын жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы солтүстікте және орталықта әдеттегіден 2…3 градусқа төмен болады. Сондай-ақ, республиканың оңтүстік-шығыс және батыс бөлігінде аптап ыстық басылады», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<