
Мұндай пікір ведомствоның кеңейтілген жиналысында айтылды. «Дауды азайтудың тиімді жолы билер сотын жандандыру. Бұл мәселе күн тәртібіне сұранып-ақ тұр. Сот төрағалары билер сотын енгізу мәселесін қарастыруы керек. Әрбір елді мекенде құрметті, абыройлы азаматтар бар. Оларды дайындап, медиация курстарында оқытып, би мәртебесін беру қажет. Олар бюрократиясыз, сотсыз, сөздің күшімен-ақ қақтығысты шешіп, тараптарды ортақ шешімге келтіре алады. Сонда қоғамда дау азайып, сотқа түсіріп отырған ауырлықты жеңілдетер еді», – деп пікір білдірді Сағатбек Сүлеймен.
«Бабаларымыздың билер соты сияқты мұрасын қайта жандандыруымыз керек деп ойлаймын. Құрметті сот төрағалары, бұл мәселенің шешім жолы өз қолдарыңызда», – деді ол Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі сот корпусына.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<