Қазақстандықтар интернетте қанша ақша жұмсаған?

247

0

 Қазақстандықтар интернетте қанша ақша жұмсаған? Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтардың интернетте қанша ақша жұмсағанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, отандық интернет-дүкендердегі сауда-саттық мөлшері 422 миллиард жетсе, халықаралық интернет-дүкендерде жасалған сауда-саттық мөлшері 280 миллиард теңге болған.

«Былтырдың өзінде Қазақстандағы электрон-сауда көлемі 1,8 есеге өсіп, 700 миллиард теңгеден асты. Ішкі нарық та жақсы дамып жатыр. Қазақстандық интернет-дүкендердегі сауда-саттық 422 миллиард теңгеге жетті. Сондай-ақ, 40,5 миллион тауар жіберілген», – деді министр.

Сұлтановтың айтуынша, былтыр Қазақстанда Интернетте сауда жасағандардың саны 72 пайызға артып, 3,2 миллион адамға жетті.