Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

248

0

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 
13 наурызда Қызылорда облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде жаңбыр және қар жауады. Күн жылы болғандықтан қар еріп, жазық аумақтарда еріген қар суы жинақталуы мүмкін. 13-15 наурызда Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын болады, негізінен жаңбыр жауады. Кейбір жерлерде жауын-шашынның күшеюі мұздардың еруіне, Алматы облысындағы өзендерді сең бууына, кейбір өзендердің арнасынан тасуына әкеп соқтыруы мүмкін.
14-15 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болады, қар және жаңбыр жауады, кей жерлерде күшейеді. Облыстың оңтүстігінде күннің жылы болуынан қар еріп, өзен арнасынан тасыған су шабындықтарға жайылуы мүмкін.    

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<